426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы байланыс операторлары қашықтан оқыту жүйесі үшін арнайы тариф енгізеді

  • 356
  • UPD: 17:12, 28.08.2020
Қазақстандағы байланыс операторлары қашықтан оқыту жүйесі үшін арнайы тариф енгізеді

Қазақстанның ұялы байланыс операторлары қашықтан оқыту жүйесі үшін арнаулы тариф әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұндай тарифтің бар екенін нақты айта аламын. Шынымен де жетекші ұялы байланыс операторлары «Білім» тарифін әзірледі. Құны – 990 теңге. Ол жаңа оқу жылының басында қолжетімді болады. Біз бұл мәселені шешуге белсенді қатысқан едік. Бұл тарифтен Kundelik.kz ресурсына мегабайт жұмсалмайды», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Еске сала кетсек, арнаулы тарифтің іске қосылатындығы осы жылдың шілде айында белгілі болған еді. Аталған тарифтік жоспар барысында оқушылар мен ұстаздар бір-бірімен тегін сөйлесе алады. Мұнан бөлек, отандық білім ресурстарын тегін қолдануға болады. Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі 380 ресурсты қолдап отырғаны белгілі.

 

 

Хабар 24 телеарнасы