429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы оқу орындарының материалдық базасы нығайды

  • 126
  • UPD: 08:36, 01.09.2020
Алматы облысындағы оқу орындарының материалдық базасы нығайды

Алматы облысындағы оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1 миллиард 600 миллион теңге бөлінді. Ал жергілікті қазынадан 80 миллион теңге қарастырылған. 

Бөлінген қаржы зертханалар мен шеберханаларды жөндеуге және жабдықтар мен жиһаз алуға жұмсалады. Алдағы жылы 6 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ жақында 288 орындық студенттік жатақхананың құрылысы аяқталады. Өңірде биыл осындай үш нысан пайдалануға беріледі. Алматы облысындағы колледждердің көбі жаңа оқу жылында қашықтан оқиды. Кей оқу орындары штаттық режимде жұмыс істейді.   

Майгүл Омарова, облыстық білім басқармасының басшысы:

 – Облыстағы колледждердің негізгі бөлігі қашықтықтан оқытылады. Оның ішінде 12 колледж штаттық режимде. Ол шалғай ауылда орналасқан, интернет желісі төмендеу елді мекендерде орналасқан біздің кәсіптік-техникалық колледждер штаттық режимде оқитын болады. Жалпы республика көлемінде бізге облысымызға 8 миллиардтан астам қаржыға компьютерлер беріп жатыр. Жалпы 55 мыңнан астам компьютерлік техника аламыз. Ол ноутбуктар, планшеттер және персоналды компьютерлер.

Хабар 24 телеарнасы