429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Диплом сататын оқу орындарын әшкерелеу керек – Университет ректоры

  • 201
  • UPD: 00:31, 03.09.2020

Жеке меншік университеттердің жұмысын бағаламас бұрын, алдымен талаптарды айқындап алған жөн.

Мемлекет басшысы Жолдауда білікті кадрларды дайындағанның орнына, диплом сатумен айналысатын оқу орындарын жою қажеттігін атап өтті. Егемендіктің алғашқы жылында елде жоғары білім беретін небәрі 60-тан астам мекеме болатын. Кейін білім беру мен бизнес ұштасып, университет саны 182-ге жеткен. Саны көп, сапасы жоқ білім мекемелерінің тізімі біртіндеп қысқарды. Диплом сатып, көз бояушылықпен айналысатын университеттер әлі де жоқ емес. «Астана» халықаралық университетінің ректоры Серік Ирсалиев білім саласында жекеменшік сектор да елеулі үлес қосып келе жатқанын айтады.

Серік Ирсалиев, Астана халықаралық университетінің ректоры:

- Мемлекет басшысының жолдауда айтылған тапсырмасын орындау кезінде аса мұқият болған абзал. Университеттердің білім беру деңгейін анықтауда критерийлер дұрыс белгіленсе дейміз. Яғни олар ашық, әділ, барлығына түсінікті болуы тиіс. Сонда ғана қай университеттің диплом сатып, қай оқу орнының сапалы білім берумен айналысқанын анықтауға болады.

Хабар 24 телеарнасы