421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 800 мың бала мектепке барып білім алып жүр

  • 168
  • UPD: 12:45, 10.09.2020
Қазақстанда 800 мың бала мектепке барып білім алып жүр

Қазақстандағы 3 мың мектеп дәстүрлі форматта жұмыс істеп жатыр.

«Індетке байланысты балалардың басым көпшілігі қашықтан оқып жатыр. Яғни, 2,6 млн бала қашықтан оқуда. 800 мың бала дәстүрлі форматта білім алып жатыр. Мысалы, кезекші сыныптарда 547 мың бала оқиды. Бұл – контингенттің 16 проценті. Олар күнде мектепке барып жүр. 250 мың бала 180-ге жуық мектепте дәстүрлі форматта оқып жатыр. Бұл 7,3 процентті құрайды. Жалпы дәстүрлі форматта оқушылардың 24 проценті білім алуда», - деді білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов ОКҚ брифингінде.

Елімізде 7 мың мектеп болса, оның 3 мыңы шалғайдағы кішігірім мектептер. Олар дәстүрлі форматта жұмысын жалғастырып жатыр .

Хабар 24 телеарнасы