423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» университетіне 200 АЕК айыппұл салынды

  • 97
  • UPD: 21:47, 10.11.2020
«Астана» университетіне 200 АЕК айыппұл салынды

«Астана» университетіне 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – шамамен жарты миллион теңгеден астам қаржы. Сорақысы сол, осы жағдай биыл екінші мәрте қайталанып отыр. Себеп те бұрынғы: профильдік ведомство тарапынан жасалған тексерулерге кедергі келтірген. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Саладағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенованың айтуынша, осы жылы көктемде жоспарлы тексеру кезінде жоғары оқу орны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тиісті құжаттарды ұсына алмағаны үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеген. Кейін студенттердің шағымынан соң жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Алайда бұл жолы университеттегілер комиссия өкілдерін ғимаратқа кіргізбей қойған. 

Хабар 24 телеарнасы