420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚазҰУ-де Нұрсұлтан Назарбаев залы ашылды

  • 92
  • UPD: 23:04, 11.11.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Нұрсұлтан Назарбаев залы ашылды. Оқу орнының ағарту орталығында Елбасы кітаптары мен тәуелсіздігіміздің алғашқы кезеңі туралы зерттеулер жинақталған.

Залда Тұңғыш Президенттің мектептегі және студент кезі, еңбек жолы мен қоғамдық-саяси қызметі туралы суреттер, картиналар, тарихи құжаттардың көшірмелері, газеттерде жарияланған мақалалары мен шығармалары және бейнефильмдер қойылған. Іс-шара барысында Елбасы кітапханасы қорының қызметкерлері жарыққа шығарған бірегей 100 басылымды залға сыйлады. Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттерінде оқыған дәрістері жинақ болып шыққан кітап студенттер мен ғалымдардың ерекше қызығушылығын  тудырды. 

Әмірхан Рахымжанов, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының  директоры:

-  Бұл кітапта Елбасының сонау 1991 жылдан бастап 2018 жылға дейін дүние жүзіндегі ең мықты мемлекеттің университеттеріне ол кісіні шақырған. Өйткені сіздер білесіздер, ол кісі үлкен ғалым, академик, экономист жан-жақты.  Сондықтан барлық лекцияларын біз жинап, бір кітап қылып шығардық.  Өйткені бүгін ол студенттерге, әсіресе профессорларға өте қажет дүние.

Хабар 24 телеарнасы