424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Қазақстан студенттерін жылышыраймен қарсы алады – Мари Ройс

  • 287
  • UPD: 00:08, 26.11.2020

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысының білім және мәдениет жөніндегі көмекшісі Мари Ройс Қазақстанға келіп, журналистермен болған онлайн-конференцияда мәлімдеді.

Ол келесі жылы 30 жыл толатын Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты айрықша атап өтті. Ройс коронавирустың АҚШ-тың білім беру жүйесіне қиыншылық туғызғанын және жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүр еткенін алға тартты. Бүгінде университеттер мен колледждерді озық технологиялармен жасақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету өте маңызды екенін де атап өтті. Сондай-ақ Ройс екі ел арасында студенттер ғана емес, жас мамандар мен оқушылар үшін де тегін оқу және біліктілікті арттыру бағдарламаларының көптігін жеткізді.

Мари Ройс, АҚШ мемлекеттік хатшысының білім және мәдениет жөніндегі көмекшісі:

– Университеттер осы қиын кезеңде студенттерге барынша қолдау көрсетуге тырысуда. Біз ПЦР-сынаманы көбейттік. Онлайн оқудың ақысын төмендету мәселесін әр оқу орны өзі шешеді. Біз студенттер санының артып келе жатқанына өте қуаныштымыз. Озық шәкірттерге төлем бойынша арнайы жеңілдіктер беріледі. Жалпы айтқанда, АҚШ университеттері қазақстандық студенттерді құшақ жая қарсы алады.

Хабар 24 телеарнасы