425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар дамудағы өзекті бағыттарды саралады

  • 242
  • UPD: 23:45, 27.11.2020
Ғалымдар дамудағы өзекті бағыттарды саралады

«Қазақстандық мемлекеттілікті Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі конституциялық қағидаттарына сәйкес бекіту – елдің табысты дамуының кепілі».

Бүгін халықаралық онлайн-конференцияда осы тақырып талқыға түсті. Тұңғыш Президент күніне арналған жиынға қатысушылар Елбасының елдегі саяси жүйенің қалыптасуына қосқан үлесін, экономикалық және мәдени даму стратегиясының жетістіктерін талқылап, ғылыми тұрғыда сараптама жасады. Тәуелсіздік жылдарында ғылымның, мәдениеттің өркендеуіне жасалған мүмкіндіктер аталып, нәтижелері сараланды. Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар үшін нақты ұсыным әзірленетін болады. Халықаралық онлайн-конференция Нұрсұлтан Назарбаев қорының бастамасымен ұйымдастырылды.  

Жанар Темірбекова, Нұрсұлтан Назарбаев қорының ғылым жөніндегі кеңесінің мүшесі:

- Назарбаев қорының тікелей көмегімен және қолдауымен біздің көптеген жас ғалымдарымыз халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндік туды. Өздерінің ғылыми жобаларын жасап, едәуір керемет нәтижелерге жетіп отыр. Ғылыми кеңестің аясында жыл сайын ең озық деген 80 студентке осы қордың стипендиясы беріледі. Сонымен қатар өзінің саласы бойынша ең үздік ғылыми жаңалық ашқан жас ғалымдарға қордың премиясы ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы