421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Келер жылы педагогтердің жалақысы 25% өседі

  • 175
  • UPD: 19:17, 24.12.2020
Келер жылы педагогтердің жалақысы 25% өседі фото: inbusiness.kz

Келер жылы елімізде педагогтердің жалақысы тағы 25%-ке өседі.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі мәлімдеді. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, білім беру ісіндегі оң өзгеріс бұл ғана емес. Көп ұзамай мектептерге әліппе қайта оралады. Оқулықтың бағдарламасы мен мазмұны дайын. Әліппе бастапқыда кирилл қарпінде шығады. Кейін латын әліпбиіне ауысады. «Жалпы оқулықты латынға көшіру аса қиын шаруа емес. Бастысы, әліппені қайтару ісін толық орындадық», - деді Асхат Аймағамбетов. Сондай-ақ мұғалімдердің жалақысы тек мектепте емес, балабақша, қосымша білім беру, колледж және жоғары оқу орындарында көбейтіледі. Өз сөзінде министр педагогтерге берілетін түрлі қосымша төлемдер бар екенін де еске салды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Балабақшадан бастап колледж, мектепті қамтып, барлық педагогтердің жалақысы 25%-ке өсуде. Әрине, ЖОО-ларға да тиісті назар аударылды. Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес отырысында осы тапсырманы берген болатын. Биыл мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқытушылардың жалақысы 20%, ал ұлттық университеттерде 28%-ке ұлғайған.

Үшінші тоқсандағы білім беру процесіне келсек, өзгеріссіз. Яғни, аралас форматта білім алу жалғасады. Мәселен, мектеп бітіруші түлектер оффлайн оқи бермек. «Себебі, олар Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалады», - дейді министр. Бұл – халықаралық тәжірибе. Ал өзге сыныптар қашықтан оқуын жалғастырады.

Хабар 24 телеарнасы