388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


9 мамыр күні елімізде ауа райы қандай болады?

  • 492
  • UPD: 18:24, 08.05.2018
9 мамыр күні елімізде ауа райы қандай болады? gtrk-omsk.ru

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей  жерлерінде жаңбыр жауады.

Ал Оңтүстік, оңтүстік-шығыста, солтүстік және солтүстік-батыстың кей жерлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың басқа аймақтарында жел күшейіп, тұман, найзағай болады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Қостанай облысында күндіз найзағай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді. Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай болады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы