386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы Тәшенов көшесі көлік қозғалысы үшін жартылай жабылады

  • 544
  • UPD: 11:10, 16.05.2018
Астанадағы Тәшенов көшесі көлік қозғалысы үшін жартылай жабылады 1news.zp.ua

16-21 мамыр аралығында Ж.Тәшенов тұйық көшесі мен Таха Хусейн көшесі бойында жатқан Ж.Тәшенов көшесі көлік құралдарының қозғалысы үшін жартылай жабық болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 

2017 жылы Ж.Тәшенов көшесінде «Астана Су арнасы» МКК шаруашылық-тұрмыстық кәріз желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілген болатын. Шұңқырдың тереңдігі 4,5-5 метрді құрады. Ж. Тәшенов көшесіндегі № 9 үйдің аумағында жөндеу жұмыстарына байланысты асфальтбетонды жабыны шөгіп қалды. 

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын жөндеу аясында жоғарыда көрсетілген учаскеде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Осыған орай, мамырдың 16-сынан (14:00 с.) 21-іне (6:00 с.) дейін Ж. Тәшенов тұйық көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейінгі Ж. Тәшенов көшесінің учаскесінде автокөліктердің қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.

Қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарына кептеліс тудырмау мақсатында өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы