367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оқушыларға арналған көлік карталарын үйде отырып алуға болады – «Астана LRT»

  • 340
  • UPD: 11:34, 05.09.2018
Оқушыларға арналған көлік карталарын үйде отырып алуға болады – «Астана LRT»

Астанада мектеп оқушыларына арналған атаулы көлік картасын үйде отырып-ақ, transcard.kz сайты арқылы алуға болады.

Бұл туралы «Астана ЛРТ» компаниясының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

«Мектеп оқушыларына арналған көлік карталары мектептерде де беріле бастайды. Соңғы екі күнде Қажымұқан 14 мекенжайында орналасқан «Астана LRT» ЖШС-ның орталық кассасында адамдар толып кетті. Бұл қарбаластың себебі – мектеп оқушыларына арналған көліктік картаға ие болу. 2018 жылдың 21 шілдесінен бастап ересектерге қоғамдық көлікте жүру құны картамен 90 теңге, ал қолма-қол ақшамен 180 теңге, балалар үшін (7-15 жас) 40 теңге мен 90 теңге аралығында болып белгіленді», - делінген хабарламада.

Жазғы уақытта (2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін) балалар билетін төлеу амалдарының қандай болатынына қарамастан 40 теңгеде қалдыру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл уақыт ата-аналар атаулы көлікті карталарды алып үлгеруі үшін берілген болатын.

«Сонымен бірге, мамандандырылған кассаға бүкіл жаз бойы көлікті карта алуға ешкім келе қоймаған еді. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев балаларға арналған билет құны уақытын тағы 15 күнге созуды тапсырды. Осыған байланысты балалар мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін орталық кассада толтыруға болатын анкета әзірленді. Сол жерде анкетаны қажетті құжаттармен бірге қалдырып кетуге болады. Сол арқылы мектеп оқушыларына арналған көліктік картаны алуға жол ашылады. Картаның дайын болғанын сіздерге телефон арқылы хабар беріледі. Осыдан кейін сіз ешқандай кезексіз дайын картаны алып кете аласыз», - дейді ұйым.

«Астана ЛРТ» компаниясынан хабарланғандай, мектеп оқушыларына арналған көлік картасын алу үшін transcard.kz сайтында өтінім қалдыруға болады. Аталған өтінім дубликат жасауға келмейді.

Осы категория бойынша: « Емханаға тіркелу туралы не білу қажет? Еліміздің солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы