365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады?

  • 303
  • UPD: 15:20, 29.10.2018
Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады? Podrobnosti

«Қазгидромет» РМК 30 қазан-1 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Циклон және онымен байланысты Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанның солтүстік облыстарына жылжыған атмосфералық фронттар жауын-шашын тудырады.

Алдағы уақытта республика аумағы арқылы шығысқа жылжи отырып, суық фронттар қардың жаууын, боран, көктайғақ, батыс және солтүстік-батыста жел тудырады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қарға ұласатын жаңбыр, таулы және тау бөктері аудандарында 31 қазанда және 1 қарашада жауын-шашын қатты жауады, сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағында күн суытады деп болжанады.

Қатты жел, найзағай мен бұршақ жауғанда:

- мүмкіндігінше ауа райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

-пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз; Найзағай мен қатты нөсер жолдың көруіне кедергі болып, найзағай жүргізушіге әсер етіп жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін.

- найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;

- орын жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағай болуы мүмкін.

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндікше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Осы категория бойынша: « Астанада жел күшейіп, көктайғақ болады Елімізде бірқатар пойыз кестесіне өзгерістер енгізіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы