378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа жыл қарсаңында елордада азық-түлік қаншалық қымбаттаған?

  • 869
  • UPD: 10:59, 27.12.2018

Мереке қарсаңында азық-түлік қымбаттады ма? Бұл базарға баратын әркімді де ойландыратын сұрақ.

Әсіресе жаңа жыл алдында халық көп тұтынатын ұн, сүт, дәнді-дақылдар мен ет өнімдерінің бағасы күрт өзгеретіні белгілі. Екі апта бұрын Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған бағаларды бағамдасақ: күріштің бір келісі 300 теңге, ұн 350 теңге, сиыр еті 1650 теңге, жылқы еті 1850 теңге, күнбағыс майы орта есеппен 400 теңге деп көрсетілген. Сондай-ақ көкөністерден қиярдың келісі 850, ал қызанақ 600 теңге, алмалар 350-400 теңгеден сатылған.

Тілшілеріміз әкімдіктің тізімі мен базардағы бағаларды салыстырып көрді. Нәтижесінде ет пен сүттің бағасы бірқалыпты. Ал жұмыртқаның құны 50 теңгеге, қияр 300 теңгеге, қызанақ 50 теңгеге қымбаттағаны анықталды. Бағаларға қатысты тұрғындардың айтар уәжі бар.

БЛИЦ:

- Қымбат ғой бәрі де. Өзім пенсионер адаммын. Бірақ енді керек кезінде алуға тура келеді.Жалпы халық үшін қымбат.

- Еттің бағасы жоғары ғой, 1600-1700. Кейбір жерлерде одан да жоғары. Жоғары деп ойлаймын.

- Қымбаттайды. Только нан қымбаттамайды. Қалғанының бәрі қымбаттайды. Именно осы бір жылда жаңа жылда бәрі қымбаттайды ғой. Сосын қайтып түседі олар. Бір аптадан кейін қайтып түседі. Жаңа жылдан кейін.

- Шамалы қымбаттаған, өскен бағасы. Дәл мұндай емес еді. Мүмкін праздниктің алдын шығар.

Хабар 24 телеарнасы