377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ескерту дабылы қосылады

  • 416
Елордада ескерту дабылы қосылады Елорда Инфо

10 қаңтарда 09 сағат 55 минутта Астанада теле-радио арналарда дабылдар қосылып, құлақтандыру жүйелері тексеріледі, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының ТЖД-ға сілтеме жасап.

Төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтап, үрейленбеуге шақырады.

Хабар 24 телеарнасы