377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанаға аязды күндер оралады

  • 342
Астанаға аязды күндер оралады

Алдағы үш күнде елордада күн құбылмалы болып, қар жауады.

23 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -13…-15 °С, күндіз -5…-7 °С құрайтын болады. 24 қаңтарда күн бұлтты, кей жерлерде қар жауады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с құрайтын жел соғады. Күндіз оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді деп болжануда. Сынап бағанасы түнде -10…-12 °С, күндіз -7…-9 °С көрсетпек. 25 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 5-10 м/с құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде -25…-27 °С, күндіз -12…-14 °С құрайды.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы