375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауа райы: Астанада және алты облыста ескерту жарияланды

  • 515
  • UPD: 15:50, 25.01.2019
Ауа райы: Астанада және алты облыста ескерту жарияланды pogoda.unian.net

Астанада және алты облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

27-28 қаңтар аралығында Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, 27-29 қаңтар Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

27-28 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 35 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

28-29 қаңтар аралығында Шығыс-Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 28-33, кей жерлерде 37-42 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 

26 қаңтарда Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күтіледі.

Астана қаласында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші секундына 15-20 метр күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы