379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

  • 346
  • UPD: 09:05, 07.04.2019
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды Казинформ

7 сәуір күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, жексенбі күні Көкшетау, Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларында атмосфералық ауаның ластануы болжанады. Ал еліміздің өзге қалаларында ауа сапасының нашарлауы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.    

Хабар 24 телеарнасы