378.59 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Скрининг дегеніміз не және неліктен оны уақытында өту керек?

  • 452
  • UPD: 12:03, 22.04.2019
Скрининг дегеніміз не және неліктен оны уақытында өту керек? med.vesti.ru

Скрининг – бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың дамуының алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексерулерден өткізу.

Скринингті тексеру қауіп факторын ерте сатыда анықтау және ескертуге бағытталған:

Артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті аурулары бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың ерлер мен әйелдер арасындағы қанайналым жүйесінің және қант диабетінің ерте анықталуы 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жас аралығы;

Глаукома бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың ерлер мен әйелдер арасындағы глаукома ауруының ерте анықталуы 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас аралығы;

Сүт безінің ісікалды және ісіктік аурулары бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың әйелдер арасындағы сүт безінің ісікалды және ісіктік ауруларының ерте анықталуы 50, 52, 54, 56, 58, 60 жас аралығы;

Жатыр мойнының ісікалды және ісіктік аурулары бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың әйелдер арасындағы жатыр мойнының ісікалды және ісіктік ауруларының ерте анықталуы 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жас аралығы;

Тоқ және тік ішек ісігі бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың ерлер мен әйелдер арасындағы тоқ және тік ішек ісігі ауруларының ерте анықталуы 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас аралығы;

Асқорыту жүйесі және асқазан ісігі бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың ерлер мен әйелдер арасындағы асқорыту жүйесі және асқазан ісігі ауруларының ерте анықталуы 50, 52, 54, 56, 58, 60 жас аралығы;

Қуықасты безінің ісігі бойынша диспансерлік бақылауға алынғандардан бөлек, мақсатты топтардың ерлер мен әйелдер арасындағы қуықасты безінің ісігі ауруларының ерте анықталуы 50, 54, 58, 62, 66 жас аралығы;

Созылмалы В және С гепатитінің қауіп топтары: қан ауруы, қатерлі ісікпен ауратындар, қан және оның компоненттерін құю.

«Скрининг тексеруден өту кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем көлемі шеңберінде жүргізілуде және скринингтік тексерістен өзі бекітілген қаладағы емхана мен ауруханалардан өтуге болады», – деп түсініктеме берді елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Ақпарат көзі: elorda.info

Хабар 24 телеарнасы