382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WWF ұзақтығы 450 жылға созылатын онлайн-трансляцияны бастады

  • 265
  • UPD: 11:11, 29.05.2019
WWF ұзақтығы 450 жылға созылатын онлайн-трансляцияны бастады

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұзақтығы 450 жылға созылатын онлайн-трансляция бастады, деп жазады Еgemen.kz.

Мамырдың 10 күні WWF-тың Facebook-тегі парақшасында басталған транцляция пластмасса бөтелкенің табиғи жолмен жойылу процесін көрсетпек.

Шараны ұйымдастырушылар трансляцияның 450 жылдан да асып кетуі мүмкін екенін айтады. Өйткені пластмассаның табиғи түрде жойылуы оның құрамына тікелей қатысты болса керек. Сондықтан әзірге трансляцияның қанша уақытқа созылатынын ешкім болжай алмайды.

Дегенмен, экологтар трансляция арқылы әлем халқының назарын қоршаған ортаның ластануына аударуды көздейді екен. Әрі пластмасса өнімдерді тұтыну мөлшерін азайту қажет екеніне де көпшіліктің көзін жеткізбек. Өйткені бүгінде әлемде 9 млрд тонна пластмасса бар екені анықталған. Оның 6 млрд тоннасы қалдық екен. Сол қалдықтың 10% немесе 600 млн тоннадан астамы мұхиттарда қалқып жүр. Соның салдарынан жер бетіндегі барлық тасбақаның тең жартысының асқазанына пластмасса қалдығы түскен көрінеді.

Ал су құстарының 90 пайызының асқазанында пластмасса бар деген болжам айтылып жүр. Сонымен қатар, ғалымдар соңғы 50 жылда пластмасса қалдықтарының кесірінен жан-жануарлардың 20 пайызының тұқымы құрып кеткені жайлы деректер келтіреді.

10 мамырда басталған трансляция бұл мәселеге көңіл аударуды көздеген алғашқы шара емес. Бірінші трансляция 30 наурызда Португалия астанасы Лиссабонда басталған болатын. Ондағы трансляцияны ұйымдастырушылар осы шара арқылы арнайы петицияға 400 мың адамға қол қойдыруды көздепті. Сөйтіп, әлгі петицияны БҰҰ-да өтетін жиындарда әлем елдері жетекшілерінің назарына ұсынуды көздесе керек.

Қазірдің өзінде петицияға қол қойғандар саны әу бастағы межеден асып кетті. Ал, Facebook трансляция кейін басталды.

Хабар 24 телеарнасы