384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін – Қадір түні

  • 225
  • UPD: 20:27, 31.05.2019
Бүгін – Қадір түні

Биылғы күнтізбе бойынша мамырдың 31-інен маусымның 1-іне қараған түн – Қадір түні.

Бұл түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар. Бүгін күллі мұсылман жұрты ұстаған оразасының берекетін еселейді. Ардақты Пайғамбарымыз «Кімде кім Қадір түнінің мол сауабына сеніп, ықыласпен өткізсе, күнәлары кешіріледі» деген. Бұл түні барлық мешіттерде жамағат жиылып, намаз және Құран хатым дұғасы оқылады, салиқалы әңгімелер айтылады. Қолы ашық жандар мұқтаждарға қайырымдылық жасайды. Еске салайық, биыл пітір садақа – 300 теңге. 

Хабар 24 телеарнасы