384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауылда қандай кәсіп ашуға болады?

  • 211
  • UPD: 11:36, 07.06.2019
Ауылда қандай кәсіп ашуға болады? inform.kz

Бір айдың ішінде «Еңбек» бағдарламасының қатысушыларына мыңға жуық шағын несие берілген, деп хабарлайды Strategy2050.kz.

Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 60 млрд теңгеге жуық несие беруді жоспарлап отыр. Оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына 27,5 млрд теңге қарастырылған.

Атап өтсек, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Игілік», «Ынтымақ», «Кәсіпкер», «Бірлік» және «Егінжай» несие өнімдері, Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында - «Ырыс» және «Сыбаға» несиелік бағдарламалары қаржыландырылады.

«Қазіргі уақытта қордың облыс орталықтарындағы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей қалаларында жұмыс істейтін барлық филиалдарда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында өтінімдер қабылдап, несие беріп жатыр. Бағдарлама бойынша несиелер түрлі мақсаттарға жылдық 6%-тік сыйақы ставкасы бойынша беріледі, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7%-тен аспайды. Қор өзінің несиелік өнімдерінің көмегімен ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жобаларын түрлі мақсатты бағыттар бойынша қаржыландырады. Мысалы, «Игілік» бағдарламасы бойынша ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе, құстар, бал араларын сатып алу қарастырылған болса, «Бірлік» бағдарламасы бойынша сүт қабылдау пункттеріне арналған жабдықтар сатып алынады. «Кәсіпкер» ауылдағы барлық бизнес түрлерін дамытуға бағытталған», - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жылына 10 мыңнан астам кәсіпкерді қаржыландырады. Соның 80%-ға жуығы стартап-жобалар екенін ескерсек, Қордың қолдауымен қаншама жаңа жоба жүзеге асып жатқанын аңғару қиын емес.

«Қор шағын несие беруді бастағаннан бері ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 280 млрд теңгеге жуық қаржы берген екенбіз. Бұл 150 мың несие деген сөз. Негізінен бұлар шағын бизнеске берілді, яғни, жеке қосалқы шаруашылықтар мен фермерлік қожалықтар. Банк секторымен салыстыратын болсақ, бұл сегментте қор көшбасшы деп айта аламыз. Мысалы, статистика бойынша екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығы саласына 490 млрд теңге бағыттаған болса, соның тек 14,7 млрд теңгесі жеке тұлғаларға берілген. Ал ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры бір жылдың ішінде 53,8 млрд теңгенің несиесін берген. Сондай-ақ қордың шарттары несие алушылар үшін өте қолайлы. Біздің бағдарламалар бойынша жылдық орташа сыйақы ставкасы 6%. Ал, банктерде 10-16%», - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Несиелендіру департаментінің директоры Геррард Бааль.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі мәліметінше, мыңдаған ауыл кәсіпкері қордан несие алып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша биыл қаржы түскеннен бастап қор тарапынан ауыл кәсіпкерлеріне 966 несие берілді. Жалпы сомасы – 3,7 млрд теңге.

Ауыл тұрғындары барлық туындаған мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығы, Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы, облыс орталығында орналасқан қор филиалы қызметкерлерінен кеңес ала алады.

Хабар 24 телеарнасы