389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 358
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды Егемен Қазақстан

24 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Өскемен қ.: күндіз 24 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Семей қ.: күндіз 24 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

24 маусымда күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 40°С қатты ыстық күтіледі.

24 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады.

Көкшетау қ: 24 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ: 24 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с. Күндіз бұршақ жауады.

Хабар 24 телеарнасы