384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзге елде әуе рейсі кешіккен қазақстандықтар қандай қызметтерді алуға құқылы

  • 545
  • UPD: 12:01, 03.08.2019
Өзге елде әуе рейсі кешіккен қазақстандықтар қандай қызметтерді алуға құқылы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мамандары өзге елдерде рейстер кешіккен жағдайда қазақстандық жолаушылар қандай қызметтерді алуға құқылы екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы әуе қарым-қатынастары туралы Келісімнің 8-бабы 2-бөлігіне сәйкес, өзара келіскен мемлекеттердің бірінің заңдары мен ережелері (ұшақтың келуін, кетуін, багаж бен жүкті поштаны, сондай-паспорттық, кедендік, валюталық және санитарлық ережелерге қатысты рәсімдерді реттейтін) келіскен екінші елдің аумағында әуе кәсіпорнының экипажы, жолаушылары, багажы, жүктері үшін қолданылатын болады», - делінген редакцияның ресми сауалына берген жауабында министрлік мамандары. Мысалы, Ресей Федерациясының аумағында қазақстандық әуе компаниясының рейсі кешігетін болса ол жерде Ресей Федерациясының заңнамасы қолданылады. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы және авиация саласы Заңының 86-бабына сәйкес, тасымалдаушының кесірінен рейс кешігетін жағдайда ұшу пунктері мен аралық пунктерде жолаушыларға келесі қызметтер ұсынылуы керек:

• рейсті күту кезінде төрт сағат және одан да ұзақ уақыт ыстық тамақ: әр алты сағат сайын күндізгі уақытта, әр сегіз сағат сайын түнгі уақытта;

• тасымалдаушы ұсынатын қонақ үйден орын, күндізгі уақытта сегіз сағат, түнгі уақытта алты сағат;

• тасымалдаушы ұсынатын көлікпен жеткізу қызметі (әуежайдан қонақ үйге дейін және кері бағытта);

Сонымен қатар рейс кешіккен жағдайда келесі қызметтер қарастырылған:

• жеті жасқа дейінгі баласы бар ана үшін аналар мен балалар бөлмесі;

• телефонмен екі рет қоңырау шалу (халықаралық желі бойынша), қоңырау арқылы сөйлесу уақыты 5 минуттан кем болмауы керек немесе жолаушы электронды почта арқылы екі рет хабарлама жібере алады. Жоғарыда аталған қызметтердің барлығы да ақысыз көрсетілуі тиіс.

Сонымен бірге егер тасымалдаушының кінәсінен рейс он сағаттан артық уақыт кешіккен жағдайда тасымалдаушы мына қызметтерді ұсынуға міндетті:

• жақын арадағы рейс арқылы жолаушыны билетте көрсетілген белгіленген пунктке жеткізу;

• жолаушыға билеттің толық құнын қайтару.

Хабар 24 телеарнасы