387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру уақытша тоқтатылды

  • 218
  • UPD: 12:45, 06.09.2019
<span class=favorites>Елордада көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру уақытша тоқтатылды</span> inbusiness.kz

Елордада техникалық ақауларға байланысты көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру уақытша тоқтатылды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК баспасөз қызметі хабрлады. «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мамандандырылған ХҚКО-да көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тарапынан орын алған техникалық ақауларға байланысты шектеулі екенін хабарлаймыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген мәлімдемеде.

Хабар 24 телеарнасы