389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерден магниттік толқын өтеді: мамандар көбірек су ішуге кеңес береді

  • 509
  • UPD: 11:44, 27.09.2019
Жерден магниттік толқын өтеді: мамандар көбірек су ішуге кеңес береді iz.ru

28 және 29 қыркүйек күндері Жерде G1 және G2 санаттарына жататын магниттік толқын болады деп күтілуде.

Ғалымдардың айтуынша, 28 қыркүйекте оның қарқыны орташа болады, ал 29 қыркүйекте салыстырмалы түрде бәсеңдейді.

Магниттік дауыл денсаулығы ауа райына тәуелді адамдарға қиындық тудыруы мүмкін. Жер тұрғындарының 10-15%-ы геомагниттік белсенділікке төзімсіз келеді, деп жазады iz.ru

Магниттік толқынның әсерін азайту үшін қарапайым судың пайдасы зор. Мамандар бұл күндері физикалық белсенділікті азайтуға, уақтылы тамақтануға және көбірек су ішуге кеңес береді.

Сондай-ақ ұйқының бұзылуы, тітіркену мен әлсіздіктің болуы мүмкін екенін және оның магниттік дауыл аяқталғаннан кейін қалпына келетінін ескертеді. Тітіркену жағдайлары орын алған кезде шай мен тыныштандырғыш дәрілер көмектеседі.

Осыған дейін магниттік дауыл биыл мамыр айында тіркелген. Ғалымдардың айтуынша, мұндай дауылдар 10-20 жылда бір рет болады.

Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы