386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Интернет есте сақтау қабілеті мен адамдар қарым-қатынасын қалай өзгертті?

  • 279
  • UPD: 15:24, 28.11.2019
Интернет есте сақтау қабілеті мен адамдар қарым-қатынасын қалай өзгертті?

Бүгінгі таңда интернеттің қоғамды ғана емес, белгілі бір дәрежеде адамдарды да өзгерткендігі құпия емес.

World Psychiatry журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, интернетте өткен уақыт белгілі бір уақытта бір тапсырмаға назар аудару мүмкіндігін азайтады, деп хабарлады hi-news.

Бұл адамдардың ақпараттарды есте сақтау қабілетінің нашарлағанын байқатады.

Зерттеу барысында Ұлыбритания, АҚШ және Австралия ғалымдары бірқатар таңқаларлық қорытындыға келді. Айтуларынша, дүниежүзілік ғаламтордың миға әсері үш бағытта байқалады: назар аудару, жады және әлеуметтік қарым-қатынас.

Зерттеуде қарастырылатын тағы бір аспект –  ақпарат көзі ретінде интернетке деген тәуелділік. Адамдар ақпаратты сирек есте сақтайды және интернетке өте тәуелді. Сонымен қатар онлайн және оффлайн түрдегі әлеуметтік қарым-қатынастың айырмашылықтары талқыланады. Зерттеу бойынша, Facebook, Twitter және Instagram сияқты әлеуметтік желілердің арқасында адамдар көптеген адамдармен араласады, бірақ шынайы өмірдегі достарының саны іс жүзінде өзгерген жоқ.

Осылайша, интернеттің пайда болуымен бірге адамдар да, қарым-қатынас та өзгере бастады. Ғылыми фантастар заманауи әлемдегі маңызды дағдылардың бірі – ақпаратты тексеру және сыни тұрғыдан ойлау қабілеті алдын ала болжамаған. Адамдар қажетті ақпараттарды іздеу жүйелерінен іздеудің орнына жадының қабілетін жаттықтырып, маңызды және құнды ақпараттарды есте сақтаса жөн болар ма еді?!

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы