377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 139
  • UPD: 16:43, 29.12.2019
Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарына бүгінгі күнге, 29 қаңтарға ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

«29 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктердің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран болып, тұман түседі. Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрса, ал күндіз Жарма ауданында желдің ұйытқуы 25 м/с болады.

Хабар 24 телеарнасы