418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 382
  • UPD: 15:30, 02.01.2020
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласында 3 қаңтарда қар жауады, бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

3 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. 3 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріледі, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

3 қаңтарда Ақмола облысында түнде басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында 3 қаңтарда жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады.

Хабар 24 телеарнасы