421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында боран салдарынан бірқатар жол жабылды

  • 601
  • UPD: 17:48, 17.01.2020
Қостанай облысында боран салдарынан бірқатар жол жабылды

Қостанай облысының оңтүстігінде де желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте төтенше жағдайлар қызметі қар құрсауында қалған 21 автокөліктен 28 адамды құтқарды, олардың үшеуі бала. Әсіресе, Арқалық қаласында боран үдеп тұр.

Айта кетейік, кеше кешкі уақытта электр желілері үзіліп, қаланың жартысы жарықсыз қалған болатын. Өңірде іссапармен жүрген тілшіміз Мағауия Қалиевтің хабарлауынша, бүгін түстен кейін желідегі ақаулар жөнделіп, жарық берілген.

Хабар 24 телеарнасы