411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 281
  • UPD: 17:24, 12.02.2020
Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бірнеше облыста 13 ақпанға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады деп күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с болады.

Көкшетау қаласында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Нұр-Сұлтан қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің күші – 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, желдің күші күндіз кей жерлерде 18 м/с болады деп күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с.

Шымкент қаласында тұман түседі деп күтіледі.

Қызылорда облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Хабар 24 телеарнасы