399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз бойынша 39 жол учаскесі жабық тұр

  • 211
  • UPD: 18:47, 27.02.2020
Еліміз бойынша 39 жол учаскесі жабық тұр

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміз бойынша республикалық маңыздағы 39 жол учаскесі жабылды.

Елордамен қоса Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тоқтаусыз боран соғып тұр. Оның үстіне жолдар көктайғаққа айналған. Салдарынан аталған аймақтарда қозғалысты шектеуге тура келді. Төтенше жағдайлар комитеті жүргізушілерге ұзақ сапарларға шықпаған жөн екендігін айтады.

Мамандар егер жолда қалған жолаушылар болса, 112 нөміріне хабарласып, мән-жайды түсіндіру керектігі туралы кеңес беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы