411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік желілердегі алаяқтардан қалай қорғануға болады

  • 583
  • UPD: 16:40, 28.02.2020
Әлеуметтік желілердегі алаяқтардан қалай қорғануға болады

Мамандар интернетте жеке басқа қатысты деректерді жарияламауға шақырады.

Құпия ақпараттарды жарияламау әлеуметтік желілердегі алаяқтықтан сақтайды, деді «Роскачества» сарапшылары.

«Өзіңіз туралы мәліметтерді, туыстарыңыз бен достарыңыз туралы ақпараттарды әлеуметтік желіге саларда достарыңыздың қатарында жоқ адамдарға көрінбейтіндей жасырып қойған дұрыс. Сонда сіз туралы мәліметтерді жинау және оны әлеуметтік инженерия көмегімен алаяқтыққа пайдалану қиынырақ болады», - делінген ұйым хабарламасында.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде танымайтын адамдарды достар қатарына қоспау керектігін ескертті.

«Әлеуметтік желілер мен месенджерлер арқылы төлемдік немесе басқа құпия ақпаратты жібермеңіз. Егер осыған дейін картаңыздың деректерін біреуге жіберген болсаңыз, онда ол хабарламаларды тауып алып өшіріңіз», - дейді мамандар.

Олар сонымен қатар қоғамдық Wi-Fi желілерін пайдаланбауға, әлеуметтік желілерде екіфакторлы аутентификацияны орнатуға және арнайы сервистердің көмегімен жасалған күрделі құпиясөздер қоюға кеңес береді.

Сонымен қатар әр әлеуметтік желідегі құпиясөздердің әртүрлі болуы керек екенін айтады.

Қауіпсіздік үшін қандай құпиясөздерді таңдаған жөн екенін мына жерден оқуға болады.

Бұған дейін ең сенімсіз құпиясөздер тізімін жариялаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы