422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пластик ыдыстардың молекулалары ана сүтінен табылып жатыр – зерттеу

  • 1316
  • UPD: 16:10, 04.03.2020

Полиэтилен пакеттер мен пластик ыдыстардың зияны сонша, оның молекулалары ана сүтінен табылып жатыр.

Экоактивистердің сөзінше, жүргізілген зерттеулер осындай нәтиже берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни әйел адам ағзасына полиэтилен ыдыстар пайдаланған жағдайда зиянды заттар енеді екен. «Бұл өте қауіпті», - дейді мамандар.

Пластикалық пакеттер әлем экологиясына қауіп төндіріп тұр. Қоқысқа жылына 3 триллион тоннадан аса пакет тасталады. Сала мамандарының дерегі осындай. Бірнеше ғасыр бойы шірімейтін бұл қаптар улы зат шығарып, миллиондаған құс пен балықтың қырылуына себеп болады. Әлемнің 40-қа жуық елі пластикалық пакеттен бас тартқан. Өйткені бұл зат жануарлармен қоса адам денсаулығына да зиян.

Мұсағали Дуанбеков эколог:

- Біздің негізгі мақсатымыз – тұрмыста полиэтилен пакетті тұрмыста қажеттілігі бар, ол пакетсіз супермаркеттер өмір сүре алмайды. Алайда біз соны ластамауды, тастамауды үйренуіміз керек. Біз оны табиғатқа апарып лақтырмауды үйренуіміз керек. Ол шірімейтін болғаннан кейін табиғатқа зиян. Ол қағаз немесе биопакет емес. Бірнеше жылда шіріп кететін. Сол себепті табиғатқа зиян екенін біліп тұрып аз пайдалануымыз керек.

Мәселе бар жерде шешім де бар. Елордалық Мирас Аббасов 2012 жылдан бастап экоқаптар өндірумен айналысады. Кәсіпкердің айтуынша, оның пакеттері 3 айда шіріп кетеді. Өсімдік шикізатынан жасалатын пакеттердің қоршаған ортаға еш зияны жоқ.

Мирас Аббасов, кәсіпкер:

Био ыдырайтын пакеттерді органикалық шикізаттан жасаймыз, оны өсімдіктерден аламыз. Бұл пакеттердің полиэтилен пакеттерден ерекшелігі оларды қайта өңдеудің, өртеудің қажеті жоқ. Жоғары температура жеткілікті, шіріп кетеді. Ал полиэтилен пакеттерді табиғатта шірітуге, ыдыратуға қауқары жететін химиялық қоспа жоқ. Елімізде экопакеттерді қолдайтындар көбеюде. Себебі, халықтың экологиялық сауаты артып келеді. Біздің жоба әлеуметтік жоба болып саналады. Компаниямызда мүмкіндігі шектеулі адамдар жұмыс істейді.

Экологтардың пайымдауынша, 2050 жылға қарай мұхиттарда балықтардан гөрі пластиктің саны көбейеді. «Сондықтан зиянды заттан осы кезден бас тартқан абзал», - дейді мамандар.

Авторлары: Айгерім Бейсембі, Асхат Қойшиев

Хабар 24 телеарнасы