411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Fly Arystan компаниясы билеттерді қайтару тәртібін өзгертті

  • 267
  • UPD: 18:29, 16.03.2020

«Флай Арыстан» әуе компаниясы төтенше жағдайға байланысты билеттерді өзгерту және қайтару тәртібін өзгертті.

Нақтырақ айтсақ, жолаушыларға 2020 жылдың 25 қазанына дейін билет уақытын тегін ауыстыруға мүмкіндік берілді. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды.

Ақпаратқа сүйенсек, тарифтер арасындағы айырмашылық төленеді. Сондай-ақ 30 сәуірге дейін сатып алынған билеттердің құны айыппұлсыз қайтарылады.  Бұдан бөлек мәлімдемеде компанияның байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істеп жатқаны және әр жолаушыға жауап берілетіні айтылған.

Хабар 24 телеарнасы