447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда іргесіндегі қандай ауылдарға қатынас тоқтайды

  • 172
  • UPD: 00:32, 19.03.2020

Наурыздың 19-нан бастап елордадағы автобустар сағат 21:00-ге дейін қатынайтын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантинге байланысты қалалық және жедел автобустардың саны 20% процентке, ал қала маңына қатынайтын бағдарлардың саны 32 пайызға азаймақ. Қалалық жолаушылар тасымалына жауапты мекеме басшысы Бекмырза Игенбердиновтің мәліметі бойынша бұл күндері жолаушылар нөпірі 40 процентке қысқарған. Сол себепті қаладағы 856 автобустың 676 бірлігі ғана шығады.

Атап айтқанда, карантин аумағына кіретін қала маңындағы ауылдарға 55 автобус жүреді. Олар Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды сынды бірқатар ауылға қатынайды. Карантин аумағына кірмейтін елді мекендерге қатынас уақытша тоқтатылады. Яғни Ақмол, Қабанбай батыр, Рақымжан Қошқарбаев, Максимовка, Аршалы, Жалтыркөл және Софиевка ауылдарына автобус жүрмейді.

Хабар 24 телеарнасы