425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қашықтан жұмыс істеудің қандай ерекшеліктері бар

  • 723
  • UPD: 17:42, 20.03.2020
Қашықтан жұмыс істеудің қандай ерекшеліктері бар

Үйден жұмыс істеу кезінде көлік шығыны нөлге тең. Кеңсе қызметкерлері жолға ақша кетіруден бөлек, өз денсаулығын қауіпке тігеді.

Швед ғалымдарының 20 мың адамға жүргізген зерттеуі жұмысқа ұзақ жету ұйқы сапасына әсер етіп, шаршау мен қажуға әкеп соғатынын көрсеткен.

Айталық, егер сіз А пунктінен В пунктіне жету үшін күніне 1 сағаттан аса уақыт жұмсасаңыз, денсаулығыңызға зиян тигізіп алудың ықтималы 20-60 пайызға өседі. Егер сіз жеке көлікті қолданып жүрсеңіз жолдағы 30-40 минутыңыз ағзада проблема пайда болуын 20-40 пайызға арттырады екен.

Бұдан бөлек, кеңсе ішінде жарық аз, желдетілуі жеткіліксіз болуы мүмкін. Ал бұл күйзеліс гармонының бөлінуін көбейтеді, жүрек қағысының қалыпты жиілігін бұзады.

Ал үй жайындағы кеңседе жарық, ауа температурасын адам өз қалауына сәйкес реттесе болады. Жартылай болса да қашықтан жұмыс істеуге көшу теріс әдеттерден тезірек арылуға септесетін көрінеді. Яғни, алкогольмен бетпе-бет келу, ішу 1,5 пайызға, темекі тарту да сондай көрсеткішке сирейді екен.

Дегенмен, қашықтан жұмыс істеудің кері тұстары да бар. Мәселен, адамдармен қарым-қатынастың тыйылуы кісікиіктенуге әкеледі.  Ал бұл сайып келгенде депрессияға ұшыратады. Себебі, әріптестерден алыс болу, көңіл күйді түсіріп, танымдық қабілетті төмендетеді.

Аударған: Н.Т

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде уақытты қалай тиімді өткізуге болады?


Хабар 24 телеарнасы