420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Стипендия алатын студенттерге 42 500 теңге төлем беріле ме

  • 1819
  • UPD: 11:57, 13.04.2020
Стипендия алатын студенттерге 42 500 теңге төлем беріле ме

Төтенше жағдайға дейін ақша тауып жүріп, одан айырылып қалған студенттер 42 500 теңге төлем алуға өтініш бере алады.

Ол үшін стипендияның бар-жоғы тексерілмейді. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңге төлем беруде студенттер деген санат жоқ. Олар – еліміздің кәмелет жасқа толған азаматтары. Еңбек заңы бойынша 16 жастан бастап жұмыс істеуге болады. Студенттер стипендия ала ма, алмай ма оған қарамастан олардың жұмыс істеуіне ешқандай кедергі жоқ. Ондай шектеу де қойылмайды. Сондықтан көп студент жастар оқу процесіне кедергі келтірмейтін уақытта жұмыс істейді. Көбісі мейрамханаларда немесе сатушы болып істейді. Оның ішінде ресми немесе бейресми жұмыс істейтіндері бар. Сондықтан студенттерге жалпы барлық азаматтар секілді тәртіп тарайды», - деді министр.

Бірақ студенттер төлемге өтініш берерден бір күн бұрын бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеуі керек екенін еске салды.

Хабар 24 телеарнасы