423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге алуға өтініш қабылдау арнаулы жүйе іске қосылғанда басталады

  • 1227
  • UPD: 12:37, 20.04.2020
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге алуға өтініш қабылдау арнаулы жүйе іске қосылғанда басталады

Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлеуге өтініш қабылдау әкімдіктер өтінім қабылдайтын арнаулы жүйені іске қосқан соң басталады. 

Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі ағымдағы жылдың 18 сәуірінде бекітілді және бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Әкімдіктер өтініштерді қабылдайтын арнаулы жүйені дайындағаннан кейін ол туралы жергілікті халықты хабарландырады. Аталған жұмыс мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Сондықтан өтініш беру үшін әкімдіктерден тиісті ақпаратты күту қажет. 

Мемлекет ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді, сондықтан өтінім беруге асықпау қажет. Өйткені барлық өтініштер мамыр айын қоса алғандағы кезеңде қабылданады. Өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады. Әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін ұсыну қажет. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекітті.

Хабар 24 телеарнасы