427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда ТЖ кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттарды пайдалануға рұқсат етілді

  • 620
  • UPD: 14:16, 29.04.2020
Қазақстанда ТЖ кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттарды пайдалануға рұқсат етілді

Қазақстан азаматтарына төтенше жағдай режимі кезінде қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды пайдалануға рұқсат етіледі.

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жеке куәліктер мен жүргізуші куәліктері елімізде төтенше жағдай режимі кезеңінде жарамды болады.

Мәжілістің жалпы отырысында қаралған төтенше жағдай мәселелері жөніндегі заң жобасына тиісті түзетулер енгізілді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Сондай-ақ төтенше жағдай режимі кезінде азаматтарға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі үшін айыппұл салынбайды.

Хабар 24 телеарнасы