426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда авиажолаушылар коронавирусқа тестілеуден қай жерден өте алады

  • 598
  • UPD: 11:12, 30.04.2020
Нұр-Сұлтанда авиажолаушылар коронавирусқа тестілеуден қай жерден өте алады

Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын ұшақ жолаушылары COVID-19 коронавирустық инфекциясына теріс нәтижелі ПТР-тестінен (полимеразды тізбекті реакция) өткені туралы анықтаманы өзімен бірге алып жүруге міндетті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бұл анықтама жеті күнге беріледі. Мерзім өткеннен кейін ПТР-тестілеуден қайта өтіп, жаңа анықтама алу қажет. Зертханалардағы барлық зерттеулер азаматтардың өз қаражаты есебінен ақылы негізде жүргізіледі», – деп хабарлады елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Нұр-Сұлтанда тестілеуден өту үшін зертханалар мекен-жайлары мен телефондары:

 – Нұр-Сұлтандағы «Олимп» КДЛ: Республика даңғылы, 2/1; Гете көшесі, 3; Б. Момышұлы даңғылы, 16; Абылайхан даңғылы, 12/1; Е-10 көшесі, 2 үй; Манкент тұйығы, 2 (мобильді пункт). Тесттер тек 8 701 961 70 08 (WhatsApp мәтіндік СМС) телефонына алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі (http://covid.kdlolymp.kz);

– «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы: Желтоқсан көшесі, 46, тел. 8 (7172) 31-54-09, 8 (7172) 59-00-77.

Коронавирус инфекциясының таралуының өсуіне байланысты елордада «Олимп» КДЛ зертханасы COVID-19-ға ПТР-талдауларды ақылы негізде іске қосты.

Тестілеуге қала тұрғындары Smart Astana қосымшасы арқылы «Медицина» – «COVID-19 тестіне жазылу» бөлімінде жазыла алады. Сауалнама автоматты түрде «Олимп» КДЛ зертханаларына түседі. Одан әрі медициналық мекеме қызметкерлері қоңырау шалып, емшара кабинетіне шақырады.

Айта кетсек, 4 мамырда жанданатын әуе рейстерінің кестесі жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы