431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар өңірде 6 градусқа дейін күн суытады

  • 383
Бірқатар өңірде 6 градусқа дейін күн суытады ТВ Центр

3 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде кей жерлерде топырақ бетінде 2 градустық үсік күтіледі.

4-5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

3 мамырда Ақмола облысында күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 3 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Көкшетау қаласында 3 мамырда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

4 мамырда Ақтөбе облысының ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

4-5 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

4 мамырда Павлодар облысының түнде кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 7-12 градус жылыға дейін төмендейді. 5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

5 мамырда Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде 4 мамырда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. 4-5 мамырда түнде ауа температурасы 1-3 градус аязға дейін төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы