428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Оқжетпес көшесі жартылай жабылды

  • 254
Елордада Оқжетпес көшесі жартылай жабылды astana.gov.kz

Көлік жүргізушілеріне маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Оқжетпес көшесінде Қарталы көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған байланысты 6-20 тамыз аралығында осы учаскедегі қозғалысты жартылай жабу жоспарланған.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы