429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа сығылған табиғи шырын неліктен денсаулыққа қауіпті

  • 226
  • UPD: 10:57, 21.08.2020
Жаңа сығылған табиғи шырын неліктен денсаулыққа қауіпті

Эндокринолог жаңа сығылған табиғи шырынның неліктен қауіпті екенін түсіндірді.

Жаңа сығылған шырынның құрамында пайдалы минералдар мен дәрумендер бар, бірақ оны жиі тұтыну денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Бұл туралы эндокринолог Зухра Павлова айтты, деп хабарлады ria.ru.

Оның айтуынша, бір стақан табиғи шырын орта есеппен екі үлкен апельсинге тең.

«Әдетте адам бір уақытта екі үлкен апельсинді тұтынбайды. Егер біз 100 миллилитр кола мен 100 миллилитр апельсин шырынын салыстыратын болсақ, олардың құрамындағы қант мөлшері шамамен бірдей», - дейді сарапшы.

Сонымен қатар ол жаңа сығылған шырынның құрамында қанға глюкоза мен фруктозаның түсу жылдамдығын төмендететін және ішек микрофлорасына жағымды әсер ететін жасұнық жоқ екенін атап өтті.

«Нәтижесінде бір стақан шырын іше отырып, біз глюкоза мен фруктозаның көп мөлшерін бірден аламыз. Осылайша, көмірсу алмасу мен бауыр метаболизміне зиян келеді», - деді маман.

Сондай-ақ ол жаңа сығылған табиғи шырынды көп тұтыну қант диабетіне, жүрек-қантамыр ауруларына, бауыр ауруына себеп болуы мүмкін екенін ескертті.

Хабар 24 телеарнасы