431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық жастар әлеуметтік желіде жұмыс істеуді тегін үйрене алады

  • 247
  • UPD: 15:45, 21.08.2020
Елордалық жастар әлеуметтік желіде жұмыс істеуді тегін үйрене алады

Нұр-Сұлтанда 300-ден астам адамды SMM дағдыларына үйрету жоспарлануда, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы елорда блогерлерін қолдау бойынша NS start дебюттік жобасын бастайды.

«Жоба жастар арасында қоғамдық пікірдің жаңа көшбасшыларын табуға және қолдауға бағытталған. Яғни, бізде блогерлікті жаңа бастағандар көп. Олар біздің қоғамымыз бен қала үшін көптеген жаңа және қызықты идеялар ұсынады. Біздің жобада SMM-бастамалар бойынша тренингтер кешені бар. Яғни, қатысушылар өз идеяларын халықтың белгілі бір тобына жеткізуді үйренеді. Нәтижесінде олар SMM дағдыларын игеріп, оқырмандарын көбейтеді», – деді «Астана жастары» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулин.

Оқыту барысында шеберлік сабақтары өткізіліп, қатысушылар әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша кеңестер алады. Курс үш айға созылады, бірақ одан кейін де қатысушылармен жұмыс жалғасады деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта қатысушыларды қабылдау жүріп жатыр. Үміткерлер эссе түрінде шағын шығармашылық тапсырма орындап, бейнепрезентация дайындауы қажет.

Байқауға сүйікті ісіне құмар, білім, спорт, медицина, экология және басқа салаларда білімі немесе тәжірибесі бар жастар қатыса алады. Жобаға қатысу ережелерімен әлеуметтік желідегі NS start парақшаларынан білуге болады.

Хабар 24 телеарнасы