428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

  • 191
Ел аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

21 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде солтүстік-батыстан күші 15-20 м/с болатын жел соғады.

21 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл және оңтүстік-батыстан соғатын күші 15-20 м/с тең жел күтіледі.

21 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Түнде соғатын желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с екпінді жел сақталады.

Көкшетау қаласында 21 қыркүйекте оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа тең.

Күндіз 21 қыркүйекте Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде 15-20 м/с екпінді жел күтіледі.

21 қыркүйекте Ақтөбе қаласында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 18 м/с болады деп күтіледі.

21-22 қыркүйекте Павлодар облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінді жел соғады, ұйытқуы 23 м/с болады деп күтіледі.

Павлодар қаласында 22 қыркүйекте тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады. Таңертең және күндізгі желдің екпіні – 21 м/с. Желдің ұйытқуы – 15-20 м/с.

21 қыркүйек күні күндіз және 22 қыркүйек күні түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 21-22 қыркүйек күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады. Күші – 15-20 м/с.

Тараз қаласында 21 қыркүйек күндіз найзағай күтіледі.

21 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Онтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Кей жерлерінде күші 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с болатын жел күтіледі. Қарағанды қаласында 21 қыркүйек күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады. Ұйтқуы – 15-20 м/с.

21 қыркүйек күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың басым бөлігінде соғатын желдің ұйытқуы 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында 21 қыркүйек күндіз оңтүстік-батыстан екпіні соғатын желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Нұр-Сұлтан қаласында 21 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Ұйытқуы 15-20 м/с сақталады.

21 қыркүйекте Қостанай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күші – 15-20 м/с, ұйытқуы 23 м/с жетеді.

Қостанай қаласында 21 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күші – 15-20 м/с.

21 қыркүйек түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болуы ықтимал.

Орал қаласында 21 қыркүйек түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады. Күндізгі екпіні – 18 м/с.

21 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз екпіні – 23-28 м/с.

Петропавл қаласында 21 қыркүйекте оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Күші 15-20 м/с, ұйытқуы – 25 м/с.

Хабар 24 телеарнасы