427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарымсақ коронавирустан қорғай ала ма

  • 203
  • UPD: 16:08, 02.10.2020
Сарымсақ коронавирустан қорғай ала ма

Сарапшылар сарымсақтың вирусқа қарсы қасиеттерін растайды. Ал коронавирустан қорғай ала ма?

Бұл сұраққа дәрігер Михаил Лущик жауап берді, деп жазды sterlegrad.ru.

Дәрігердің айтуынша, сарымсақ аурудың алдын алу шарасы ретінде пайдалы болуы мүмкін, бірақ вирусты жұқтырғандар үшін пайдасыз.

Ол сарымсақтың кез келген вирустан қорғайтын қасиетін де жоққа шығармады. Өнім қандай түрде болса да пайдалы. Жағымсыз иістен аулақ болу үшін ол сарымсақ бөліктерін шайнамай, бірден жұтып қоюға кеңес берді.

Сонымен қатар дәрігер егде жастағы адамдарға сарымсақты мөлшерден тыс тұтынбау керектігі туралы ескертті. Себебі ол жүректің жұмысына кері әсер етуі мүмкін.

Маман өз сөзінде аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда халықтық әдістерге емес, дәрігерге жүгінуге кеңес берді.

Хабар 24 телеарнасы