432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жексенбі күні елордада қоғамдық көлік жүрмейді

  • 183
  • UPD: 17:24, 02.10.2020
Жексенбі күні елордада қоғамдық көлік жүрмейді

Жексенбі күні, 4 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақтыша тоқтатылады.

Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жүреді. Дүйсенбі күні, 5 қазанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан қатынайды.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы көліктік карта, SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы төленеді.

Хабар 24 телеарнасы