432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Синоптиктер еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жариялады

  • 177
  • UPD: 09:25, 05.10.2020
Синоптиктер еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жариялады фото: inform.kz

Бүгін және ертең Солтүстік Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақмола облысында ауа температурасы +2 градусқа дейін төмендейді. Аймақта желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді. Қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облысында да күн бұзылады. Еліміздің оңтүстігінде, нақтыласақ, Түркістан облысында қатты жел тұрады, 7 қазанда Таразда үсік жүріп, сынап бағанасы 1-3 градус аралығын көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы