422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 218
  • UPD: 17:02, 19.10.2020
Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды Рамблер

Қазгидромет 19-20 қазанда бірқатар өңірде екпінді жел соғатынын хабарлады.

Түркістан облысы

20 қазанда Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

20 қазан Атырау облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырау қ.: 20 қазан түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

20 қазан түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстіктен-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

20 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 20 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

20 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 20 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

20 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: түнде 20 қазанда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

 

Хабар 24 телеарнасы